Accessibility links

Қазақстан балуаны Ешімова Азиада финалына шықты


Жұлдыз Ешімова (көк формада) жартылай финалда Моңғолия балуанымен кездесіп жатыр. Джакарта, 20 тамыз 2018 жыл.
Жұлдыз Ешімова (көк формада) жартылай финалда Моңғолия балуанымен кездесіп жатыр. Джакарта, 20 тамыз 2018 жыл.

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық балуан Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде финалға шықты. Ол алғашқы айналымды Оңтүстік Корея спортшысы Ли Чен Хені (11:6) жеңді. Екінші айналымда Джантима Вирангсадан (Таиланд) 10:0 есебімен басым түсті. Жартылай финалда моңғолиялық Ерденечимегей Сумяны 15:14 есебімен жеңді.

Ешімова финалда Пак Йонг Мимен (Солтүстік Корея) кездеседі. Күрес Астана уақыты бойынша 18.00-де басталады.

Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс, екі қоламен жалпы есепте 8-орында келеді. 19 тамызда семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алған.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG