Accessibility links

Таэквондошы Жансель Дениз Азиадада күміс алды


Қазақстандық Жансель Дениз (қызыл формада) Азия ойындарында
(Сурет авторы - Сали Сабиров, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті).
Қазақстандық Жансель Дениз (қызыл формада) Азия ойындарында (Сурет авторы - Сали Сабиров, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті).

Джакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан таэквондошылары екі медаль иеленді.

Түркияда туған қазақ Жансель Дениз +67 келіде күміс жүлдегер атанды. Ол алғашқы айналымда 2014 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері филиппиндік Кристи Алораны 8:7 есебімен, ширек финалда вьетнамдық Лам Тхи Тханхты 16:1 есебімен жеңді. Жартылай финалда өзбекстандық Светлана Осиповадан 16:1 есебімен басым түсті. Ал финалда Дабин Лиден (Оңтүстік Корея) кездесіп, жеңіп қалды - 21:27.

Ал ерлер арасында +81 келіде сынға түскен Руслан Жапаров Азия ойындарының қола медалін алды. Ол алғашқы айналымда непалдық Анож Пижариді 21:0 есебімен, екінші айналымда таиландық Наттапат Тантрамартты 30:15 есебімен жеңді. Жартылай финалда Иран спортшысы Саид Раджабиден 5:7 есебімен жеңілді. Таэквондода қола үшін кездесу өтпейді. Жартылай финалға шығып жеңілген спортшы бірден қола медаль алады.

Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында бір алтын, үш күміс, бес қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. 19 тамызда қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын алған. 20 тамызда таэквондошы Фариза Алдонғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанған.

Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG