Accessibility links

Балуан Тыналиев - Азиаданың күміс жүлдегері


Тыналиев (сары формада) пен Абдуллаев арасындағы белдесуден көрініс. Джакарта, 22 тамыз 2018 жыл.
Тыналиев (сары формада) пен Абдуллаев арасындағы белдесуден көрініс. Джакарта, 22 тамыз 2018 жыл.

Джакартада өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында 22 тамыз күні қазақстандық балуан Нұрмахан Тынәлиев күміс алды. Ол финалда өзбекстандық Мумиджан Абдуллаевтан жеңілді. Тыналиев финалға дейін Папанг Раманхани (Индонезия) мен Арата Сонаданы (Жапония) жеңген.

Тыналиев 2010 және 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған. Қазақстан күрес түрлерінен алғаш рет Азия ойындарында алтынсыз қалды. Осыған дейін өткен жеті Азиадада бұл елдің балуандары кем дегенде бір алтын иеленген.

Қазірше Қазақстан спортшылары Джакартадағы Азия ойындарында 1 алтын, 6 күміс, 12 қола иеленді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанған.

Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG