Accessibility links

Бердімұхамедов пен Жээнбеков ынтымақтастықты дамытпақ ниетте


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. Ашғабад, 23 тамыз 2018 жыл.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. Ашғабад, 23 тамыз 2018 жыл.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашғабадта Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Жабық және кеңейтілген форматта өткен келіссөз қорытындысы бойынша, президенттер стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі декларацияға қол қойды. "Бұл - екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы және достықтың жаңа кезеңін бастаудағы тарихи оқиға", - деді Қырғызстан президенті.

Жээнбеков келіссөз екі тараптың да қырғыз-түркімен байланысын нығайтуға мүдделі екенін нақтылағанын айтты. "Біз саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада қарым-қатынасымызды жоғары деңгейге жеткізуге ниеттіміз", - деп мәлімдеді Қырғызстан президенті.

Сооронбай Жээнбеков Түркіменстанға бірінші рет мемлекеттік сапар жасап отыр. Ол сонымен бірге Ашхабадта өтетін Аралды құтқару жөніндегі халықаралық қордың саммитіне қатысады.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қырғызстанға мемлекеттік сапармен соңғы рет 2015 жылдың тамыз айында барған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG