Accessibility links

Помпео Ресейден Сенцовті босатуды тағы да сұрады


Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Ресейді Украина режиссері Олег Сенцовті "дереу босатуға" тағы да үндеді. Ресей түрмесінде аштық жариялап жатқанына 100 күннен асқан Сенцовтің жағдайы ауыр.

"Мемлекеттік хатшы Сенцовтің денсаулығы нашарлағанына алаңдайды және Ресейді Сенцов пен украиналық барлық саяси тұтқынды дереу босатуға шақырады", - деп хабарлады АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Нойерт. Ол Майк Ромпео 23 тамызда Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефонмен кездескенін айтты.

Ресей Сыртқы істер министрлігі Помпео Лавровпен телефонмен сөйлескенінде Сенцовтің мәселесін қозғағанын растады. Министрлік мемлекеттік хатшыға "тиісті түсіндірме берілгенін" ғана хабарлап, басқа мән-жайды ашып айтпады.

Ресей соты Олег Сенцовты Мәскеу аннексиялаған Қырым түбегінде "теракт ұйымдастырмақ болған" деген айыппен 2015 жылғы тамызда 20 жылға соттаған. Құқық қорғаушылар мен Сенцовтың өзі бұл іс қолдан құрастырылған деп біледі. 42 жастағы Сенцов биыл мамырдың 14-інде Ресей түрмелерінде отырған Украинаның 64 азаматын босатуды талап етіп, аштық акциясын бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG