Accessibility links

Алина Әділханова Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды


Алина Әділханова Азия ойындарында өнер көрсетіп жатыр. Джакарта, 27 тамыз 2018 жыл. (Сурет авторы - Сали Сабиев, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті).
Алина Әділханова Азия ойындарында өнер көрсетіп жатыр. Джакарта, 27 тамыз 2018 жыл. (Сурет авторы - Сали Сабиев, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті).

Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алина Әділханова көркем гимнастикадан жекелей көпсайыста чемпион атанды.

Ол төрт элементпен - шеңбер (обруч), доп, таяқ (булава) және таспамен (лента) өнер көрсетіп, 66,500 ұпай жинады. Күміс Өзбекстан спортшысы Сабина Ташкенбаева (65,850), қоланы Қытай спортшысы Ятинг Жао (65,550) алды.

27 тамызда Қазақстан көркем гимнастика құрамасы командалық жарыста алтын жүлдеге ие болған.

Қазір Қазақстан 7 алтын, 8 күміс, 29 қоламен жалпы есепте 10-орында келеді. Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG