Accessibility links

Астанада "Бейбітшілік қабырғасы" мемориалы ашылды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бейбітшілік қабырғасы" мемориалының ашылуында сөйлеп тұр. Астана, 29 тамыз 2018 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Бейбітшілік қабырғасы" мемориалының ашылуында сөйлеп тұр. Астана, 29 тамыз 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңадан салынған "Бейбітшілік қабырғасы" монументін ашты. Кешенді Ақтөбе облысы Астананың 20 жылдығына сый ретінде салған.

Тәуелсіздік алаңында "Қазақ елі" монументіне жақын салынған кешен 29 тамыз - Семей полигоны жабылған күні әрі Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнінде ашылып отыр. Кешеннің ашылу салтанатына дипломатиялық миссия өкілдері, шенеуніктер мен парламент депутаттары және Астанада өтіп жатқан Ядролық сынаққа жаппай тыйым салу жөніндегі келісім ұйымының конференциясына келген қонақтар қатысты.

Жалпы ұзындығы 111 метр, ені 18,4 метрге дейін жететін, биіктігі 17,5 метрлік мемориал үш бөліктен тұрады. Сәулетшілер кешеннің алғашқы бөлігі шашыраңқылық пен оқшаулануды, екінші бөлігі үміт пен еркіндікті, үшінші бөлігі - бейбітшілікті сақтау жолын білдіретінін айтады. Мемориалда "Бейбітшілік" сөзі 51 тілде жазылған.

1949 жылдың 29 тамызында Совет одағы ашқан Семей полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды.

Семей полигоны жайлы фотогалерея

Семей полигоны ашылған һәм жабылған күн

"Атылған көлдің" ар жағынан Семей полигонындағы сынақ алаңдарының бірі болған Дегелең тауы көрініп тұр. Көл мен Саржал ауылының арасы 20 километрдей жер.  
1/20 "Атылған көлдің" ар жағынан Семей полигонындағы сынақ алаңдарының бірі болған Дегелең тауы көрініп тұр. Көл мен Саржал ауылының арасы 20 километрдей жер.  
Саржалдан Дегелеңге қарай шыққан соң үш километрден кейін осындай ескерту белгісі бар бағандар кездесе бастайды.  
2/20 Саржалдан Дегелеңге қарай шыққан соң үш километрден кейін осындай ескерту белгісі бар бағандар кездесе бастайды.  
Дегелең тауының бергі жағындағы төбешік - "Атылған көл". Сынақ кезіндегі бомба жарылысынан жер қыртысы қопарылып, осындай төбешік пайда болған. Төбешік ортасындағы шұңқыр әлі суға толып тұр.  
3/20 Дегелең тауының бергі жағындағы төбешік - "Атылған көл". Сынақ кезіндегі бомба жарылысынан жер қыртысы қопарылып, осындай төбешік пайда болған. Төбешік ортасындағы шұңқыр әлі суға толып тұр.  
Ертеректе беделді адамның бірі жерленген күмбезді бейіт. Жергілікті халық онда Шүрек батыр жерленген деп есептейді.  
4/20 Ертеректе беделді адамның бірі жерленген күмбезді бейіт. Жергілікті халық онда Шүрек батыр жерленген деп есептейді.  
"Атылған көл" түбіндегі қоныс - Шүрек қыстағы. 
5/20 "Атылған көл" түбіндегі қоныс - Шүрек қыстағы. 
"Атылған көл" маңында шашылып жатқан кабель сымдары. 1991 жылы полигон жабылғаннан кейін жергілікті адамдар қараусыз қалған сынақ алаңдарына барып сондағы кабель сымдарын сатумен айналысты. Кабель жинайтындар оның сыртқы пластик қабығын өртеп, өзегіндегі мыс сымдарын алып, сататын. 
6/20 "Атылған көл" маңында шашылып жатқан кабель сымдары. 1991 жылы полигон жабылғаннан кейін жергілікті адамдар қараусыз қалған сынақ алаңдарына барып сондағы кабель сымдарын сатумен айналысты. Кабель жинайтындар оның сыртқы пластик қабығын өртеп, өзегіндегі мыс сымдарын алып, сататын. 
"Атылған көл" жиегіндегі төбешікке шығып бара жатқанда уатылып жатқан тастар назар аудартады. 
7/20 "Атылған көл" жиегіндегі төбешікке шығып бара жатқанда уатылып жатқан тастар назар аудартады. 
"Атылған көлге" адамдар әдетте көлдің солтүстік-шығысынан келеді. Өйткені қазаншұңқырдың бұл тұсы аласа, қақпа сияқты әсер береді.     
8/20 "Атылған көлге" адамдар әдетте көлдің солтүстік-шығысынан келеді. Өйткені қазаншұңқырдың бұл тұсы аласа, қақпа сияқты әсер береді.     
Көлдің жиегіндегі төбешікте осындай бірнеше шахта бар. Саржалдықтардың айтуынша, бұл шахталар топырақтан сынама алу үшін пайдаланылады.   
9/20 Көлдің жиегіндегі төбешікте осындай бірнеше шахта бар. Саржалдықтардың айтуынша, бұл шахталар топырақтан сынама алу үшін пайдаланылады.   
Шахталардың тереңдігі де әрқилы. 
10/20 Шахталардың тереңдігі де әрқилы. 
Жел соғып тұрған кездегі көл беті.
11/20 Жел соғып тұрған кездегі көл беті.
Көл ортасында және жағасында сорайып тұрған арматура. 
12/20 Көл ортасында және жағасында сорайып тұрған арматура. 
"Атылған көлдің" батыс бетінен қарағандағы көрінісі. Осы маңда жел әдетте, батыстан соғады. Көлдің ық, шығыс жағында ауылдар қоныстанған.  
13/20 "Атылған көлдің" батыс бетінен қарағандағы көрінісі. Осы маңда жел әдетте, батыстан соғады. Көлдің ық, шығыс жағында ауылдар қоныстанған.  
"Атылған көлдің" солтүстік жағындағы бірнеше километр жердегі екінші шұңқырдың сұлбасы. Совет кезінде ол шұңқыр "Телькем-1" бір деп аталған. Осы екі жерде 1968 жылы арасы бір айдан екі жарылыс жасалған. Бұл күндері жаздағы дала өртінен кейін төңірек қарайып жатыр. Тек шұңқыр маңындағы төбешіктерге ғана от тимеген.
14/20 "Атылған көлдің" солтүстік жағындағы бірнеше километр жердегі екінші шұңқырдың сұлбасы. Совет кезінде ол шұңқыр "Телькем-1" бір деп аталған. Осы екі жерде 1968 жылы арасы бір айдан екі жарылыс жасалған. Бұл күндері жаздағы дала өртінен кейін төңірек қарайып жатыр. Тек шұңқыр маңындағы төбешіктерге ғана от тимеген.
"Атылған көл" жиегінде қопарылған жер қыртысы біртіндеп үігітіліп жатыр.
15/20 "Атылған көл" жиегінде қопарылған жер қыртысы біртіндеп үігітіліп жатыр.
"Атылған көл" жиегіндегі төбешіктің солтүстік бетінде қазылған ін.  
16/20 "Атылған көл" жиегіндегі төбешіктің солтүстік бетінде қазылған ін.  
Қопарылыстан кейінгі жер қыртысының түсі әртүрлі.
17/20 Қопарылыстан кейінгі жер қыртысының түсі әртүрлі.
"Атылған көл" маңындағы радиация көрсеткіші әртүрлі екендігі байқалады. Төбешік басында жел соғып тұрғанда радиацияның азайғаны, ал өзге бөліктерде радиация мөлшері көбейгені көрінеді.
18/20 "Атылған көл" маңындағы радиация көрсеткіші әртүрлі екендігі байқалады. Төбешік басында жел соғып тұрғанда радиацияның азайғаны, ал өзге бөліктерде радиация мөлшері көбейгені көрінеді.
"Атылған көлдің" батыс жақ жиегіндегі ойпаңдау тұста радиация мөлшерден тым көп екені байқалды. Дозиметр құрылғысы мұндайда ерекше сигнал береді. 
20/20 "Атылған көлдің" батыс жақ жиегіндегі ойпаңдау тұста радиация мөлшерден тым көп екені байқалды. Дозиметр құрылғысы мұндайда ерекше сигнал береді. 
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG