Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон аймағындағы мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көбі мүгедек болып қалған.
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Саржал ауылынан 20 километрдей жерде атом бомбасы сыналған қазаншұңқырды жергілікті халық "Атылған көл" деп атайды. Бұл жердегі сынақ 1968 жылы болған. Совет уақытында жарылыс орнында қалған бұл шұңқырды "Телькем-2" деп атаған. Қазір оны ешкім бақыламайды. Көлді ешқандай жәндік мекендемейді. Бірақ көл маңында мал бағатын адамдар тұрады.
Алғаш 2015 жылы жарияланған фотогалерея.