Accessibility links

Ескекші Инна Клинова Азиада чемпионы атанды


Инна Клинова Азия ойындарында жеңіске жеткен сәт.
Инна Клинова Азия ойындарында жеңіске жеткен сәт.

Индонезия өтіп жатқан Азия ойындарында 1 қыркүйек күні Қазақстан каноэ және байдарка есу жарысында бір алтын, бір күміс, бір қола жүлде иеленді.

Байдарка қайықпен 200 метрге жарысуда Инна Клинова Азия ойындарының чемпионы атанды. Күмісті Қытай спортшысы Ли Ю, қоланы Жапония ескекшісі Юко Оно алды. Клинова 2014 жылы Инчхонда өткен Азиадада осы қашықтықта алтын жүлде иеленген.

Сергей Токарницкий 200 метрге каноэ қайығымен жарыста Чо Хван Хеден (Оңтүстік Корея) қалып, күміс медальға ие болды. Токарницкий 2015 жылы Палембангте, 2017 жылы Шанхайда өткен Азия чемпионатында алтын жүлде иеленген. Палембангте өткен Азия біріншілігінде Токарницкий Чо Хван Хені озған еді.

200 метрге екілік каноэ қайығымен жарыста Медет Медетов пен Тимур Хайдаров қола жүлдеге ие болды. Алтынды Өзбекстан, күмісті Қытай спортшылары алды. Медетов пен Хайдаров 2017 жылы Шанхайдағы (Қытай) Азия біріншілігінде 200 метрлік жарыста чемпион болған.

Ескек есу жарыстары Индонезияның Суматра аралындағы Палембанг қаласында (Джакартадан 575 км) өтіп жатыр. Қазақстан каноэ және байдкарка есу құрамасы 29 тамызда бір алтын, екі күміс жүлде иеленген.

Қазір Қазақстан 13 алтын, 12 күміс, 42 қоламен жалпы есепте 9-орында тұр. Азаттық тілшісі Джакартадан арнайы жаңалық таратып отыр. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG