Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы палестиналықтарды қолдауға шақырды


Палестиналық балалар. Батыс жағалау, 29 тамыз 2018 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш палестиналық босқындарды қолдау үшін ұйымның Таяу Шығыс бойынша агенттігін қаржыландыруға жәрдемдесуге шақырды. Гутерриш АҚШ-тың ұйымға жарна төлеуді тоқтату туралы шешімінен кейін осындай үндеу жасады.

Тамыздың 31-і күні Вашингтон БҰҰ-ның Таяу Шығыс бойынша агенттігін қаржыландыруды доғаратынын жариялаған. АҚШ Мемлекеттік хатшысының ресми өкілі Хизер Нойерт Ақ үй әкімшілігінің агенттік жұмысын "тұрақсыз" деп тапқаны туралы мәлімдеген. Мемлекеттік департамент агенттіктің ұзақ жылдардан бері дағдарыс жағдайында қалып отырғанын айтады. Соның салдарынан агенттік жәрдеміне мұқтаж палестиналықтардың саны "жылдам көбейіп" кетті дейді Нойерт.

АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымы және өзге де мүдделі тараптармен палестиналықтардың проблемасын реттеудің жаңа модельдері мен тәсілдері туралы диалогты жандандыратын болады делінген Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде.

АҚШ жыл сайын 350 миллион долларға жуық – аталған агенттік бюджетінің үштен біріне тең қаржыны жарна есебінде төлеп келген.

БҰҰ-ның Таяу Шығыс бойынша агенттігін қаржыландырудан АҚШ-тың бас тартатыны туралы жұма күні мәлім болған. Вашингтон мұндай шешіміне палестиналықтардың Изарильмен бейбіт келіссөздер жүргізуді қаламайтындығы және ХАМАС радикалды тобының бақылауындағы Газа секторында тәртіпсіздіктер себеп болды деп түсіндірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG