Accessibility links

Назарбаев Қырғызстанға сапармен барды


Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (сол жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 25 желтоқсан 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні Қырғызстанға сапармен барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесіп, үшінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу шарасына қатысады деп жоспарланған.

Қазақстан басшысы дүйсенбі күні Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатыспақ.

Сенбі күні Қырғызстанға Түркия президенті Режеп Ердоған ресми сапармен барған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG