Accessibility links

Израиль Ирак пен Сириядағы Иран әскери нысандарына шабуыл жасауы мүмкін


Авигдор Либерман, Израиль қорғаныс министрі.
Авигдор Либерман, Израиль қорғаныс министрі.

Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман өз елі Сириядағы ғана емес, Ирактағы Иран әскери нысандарына да соққы беруге дайын екенін мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Иерусалимде өткен баспасөз конференциясында Либерман Тегеранның "Израиль аумағына қауіп төндіретін Ирак шииттеріне баллистикалық зымырандар бергенін" хабарлады.

Бірер күн бұрын Дамаск маңында бірнеше жарылыс болған. Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, жарылыс Израиль авиациясының кезекті шабуылы салдарынан шыққан.

2 қыркүйекте Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ мемлекеттік хатшысының арнайы өкілі Джеймс Джеффримен кездескен. Тараптар кездесуде Иранға және Сириядағы жағдайға қарсы іс-қимылды талқылаған. Кейбір ақпараттар бойынша, Сирия үкімет әскері таяуда Идлиб провинциясына шабуыл жасауға дайындалып жатыр.


Қыркүйектің 2-сі күні сонымен қатар АҚШ президенті Дональд Трамптың өкілдері Джейсон Гринблатт пен Джаред Кушнер Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббасқа Иорданиямен конфедерация құруды ұсынған. Аббас егер жаңа ұйым құрамына Израиль қосылған жағдайда ғана оны қолдайтынын мәлімдеген. Бұл туралы Израильдің Haaretz газеті хабарлаған.

Израиль авиациясы соңғы жылдары Сирия аумағындағы Иран әскери нысандарын үнемі бомбалап келеді. Израиль билігі шабуылды терроршыларға қару-жарақ тасымалдауды болдырмау және Иранның Сирияда бекінуіне жол бермеу үшін жасайтынын айтады. Нетаньяху өткен аптада Тель-Авив Иран мен Сирия қорғаныс туралы өзара келісім жасасқанына қарамастан Тегеранға қарсы іс-қимылын жалғастыра беретінін мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG