Accessibility links

Кремльді сынайтын саясаткер Еурокомиссия басшысы сайлауына түспек


Брюссельдегі Еурокомиссия штаб-пәтері, Бельгия (Көрнекі сурет)
Брюссельдегі Еурокомиссия штаб-пәтері, Бельгия (Көрнекі сурет)

Еуропа парламентіндегі ең ірі фракция - Еуропа халықтық партиясының басшысы, германиялық саясаткер Манфред Вебер 2019 жылы Еурокомиссия басшысы сайлауына түсетінін растады. Еурокомиссия Еуропа Одағындағы басты атқарушы орган саналады.

Twitter-де өзінің сайлауға түсетінін жариялаған Вебер ЕО "дәл қазіргідей іс жүргізе алмайтынын" және "бұрынғы Еуропаны қалпына келтіретінін" жазды.

Манфред Вебер - Германия канцлері Ангела Меркельдің Христиан-демократиялық партиясымен одақтас бавариялық Христиан-социалистік одағының өкілі. Бұған дейін Ангела Меркель оның кандидатурасын қолдайтыны хабарланған.

Ереже бойынша, Еуропа парламенті сайлауында партиялар Еурокомиссия басшылығына өз кандидаттарын ұсынады. Еуропа парламенті Еурокомиссия басшыларын бекіту кезінде сайлаушылар пікірін ескеріп, ең ірі деген фракциялардың кандидаттарын таңдайды. Қазір Еурокомиссияны Люксембург саясаткері Жан-Клод Юнкер басқарады.

Манфред Вебер Кремль саясатын үнемі сынайтын саясаткер ретінде танылған. Ол Ресейді Украинаға қатысты басқыншылық саясат жүргізіп отыр және ЕО-ны әлсіреткісі келеді деп бірнеше рет айыптаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG