Accessibility links

KASE: Доллар бағамы тағы қымбаттады


Ақша айырбастау пункті таблосындағы валюта бағамы. Алматы, 7 қыркүйек 2018 жыл.
Ақша айырбастау пункті таблосындағы валюта бағамы. Алматы, 7 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақстан қор биржасында 7 қыркүйек күні таңғы сессияда доллардың орташа бағамы 375 теңге 64 тиынға жетті. Доллар бағамы 6 қыркүйектің таңғы сессиясындағы бағаммен салыстырғанда 3 теңге 41 тиынға қымбаттады. Бүгін биржада 390,6 миллион доллар сатылды.

Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 378-379 теңге аралығында сатылып жатыр.

Кеше кештен бүгін таңертеңге валюта айырбастау пунктерінде доллар бағамы 382 теңгеге дейін жеткен.

Теңгенің құлдырауы туралы сюжет (06.09.2018)

Соңғы бір ай шегінде теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы шамамен 7 пайызға (27 теңге 5 тиын) құлдырап отыр. Қазақстан Ұлттық банкі бұған дейін теңгені еркін айналымға жібергендіктен, валюта бағамын реттеуге араласпайтынын мәлімдеген. Ұлттық банк ұстанымы бойынша, бұл саясат экономикада "теңгерімсіздік туындауына" жол бермейді. Бірақ Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев валюта бағамына сыртқы факторлар - АҚШ-тың санкция салу саясаты мен дамушы елдер валюталарының, оның ішінде рубльдің құнсыздануы әсер ететінін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG