Accessibility links

Ресейде жергілікті сайлауға дауыс беріп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде бүгін азаматтар түрлі деңгейдегі билік органдарына дауыс беріп жатыр. 22 аймақта тұрғындар губернатор сайлауына төте дауыс беріп жатыр. Бір мандатты жеті округте Мемлекеттік думаға қосымша сайлау өтіп жатыр.

Ресейлік БАҚ елдің шығыс аймақтарында сайлаушылар дауыс беруге бәсең қатысып жатқаны туралы хабарлады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Элла Памфилова да сайлауға дауыс беруге келетіндер саны көп болады деп күтпейтінін мәлімдеген.

Бұл күні Ресейдің бірқатар аймақтарында үкіметтің зейнетақы реформасына қарсылық акцияларына шықпақ болғандарды полиция ұстаған.

Сайлау ережесі бұзылғаны туралы хабарламалар да түсіп жатыр. "Голос" қозғалысының деректері бойынша, Алтай аймағында сайлау учаскелеріне адамдарды алып келген, олар өздерін дауыс беруге мәжбүрлегенін айтқан. Екатеринбургте бақылаушылар бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде жұмыс істейтіндердің сайлауға дауыс беруін қадағалап жүргендер туралы хабарлады. Кемеров облысында сайлау комиссиясының мүшесі бақылаушының телефонын сындырған. Красноярскіде сайлаушыларды сатып алған болуы мүмкін деген ақпарат түскен.


Мәскеудің маңындағы ауданда бақылаушылар мен сайлау учаскелерінде кезекшілік атқарып тұрған "халық жасағы" дейтіндер қақтығысып қалған деп хабарлайды "Голос" қозғалысы.

Мәскеу тұрғындары бүгін қала мэрі сайлауына дауыс беріп жатыр. Кандидат ретінде тіркелген 5 адамның арасында қазіргі қала басшысы Сергей Собянин (өзін өзі ұсынған), Вадим Кумин (Ресей федерациясы Коммунистік партиясынан), Михаил Дегтярев (ЛДПР), Илья Свиридов ("Справедливая Россия") және Михаил Балакин ("Союз горожан") бар.

Жергілікті депутаттардың көпшілігі биліктегі "Единая Россия" партиясынан сайланғандықтан, жүйеден тыс оппозиция өкілдері Илья Яшин мен Дмитрий Гудков Мәскеу мэрі сайлауына түсуге талпынғанымен "муниципалдық сүзгіден" өте алмаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG