Accessibility links

Жақсыбеков кетіп, Исекешев президент әкімшілігінің жетекшісі болды


Әсет Исекешев (сол жақта) және Әділбек Жақсыбеков.

Қыркүйектің 10-ы күні Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков "зейнет жасына жетуіне байланысты" қызметінен кетті. Жарлыққа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған. Бұл ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі таратты. Президент әкімшілігін 2016 жылдан бері басқарып келген оның өкілеттігі былтыр 2022 жылға дейін ұзартылған болатын.

Енді президент Назарбаевтың жарлығымен президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне Астана әкімі Әсет Исекешев тағайындалды. Исекешев 2014 жылдан бері Астана әкімі болған.

Исекешевтің орнына Астана әкімі болып кім тағайындалатыны әлі белгісіз.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG