Accessibility links

Назарбаев Ердоғанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп тұр. Анкара, 13 қыркүйек 2018 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп тұр. Анкара, 13 қыркүйек 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 13 қыркүйекте Түркияға сапарында осы ел президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Анкарада өткен кездесуде президенттер екіжақты қарым-қатынас және сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады. Назарбаев пен Ердоған кейбір халықаралық және аймақтық проблемалар бойынша пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға 12 қыркүйекте барды. Қазақстан президенті бүгін Ердоғанмен кездесуінің алдында Түркияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында Назарбаев Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық оң бағытта дамып жатқанын айтты. Түркия Қазақстанның ең ірі он сауда серіктесінің қатарында екенін айтқан Назарбаев 2017 жылы екі ел арасындағы сауда айналымы 27 пайызға ұлғайып, 2 миллиард долларға жуықтағаны туралы дерек келтірді.

Қазақстан президенті бұған қоса екі ел кәсіпкерлерін қолдауға арналған "Жаңа синергия" бағдарламасы аясында 800 миллион долларға 23 жоба іске қосылғанын, кеше қазақстандық бизнесмендер түркиялық бизнес өкілдерімен 1,7 миллиардтан астам доллардың 24 келісіміне қол қойғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG