Accessibility links

Көлік жарылысынан зардап шеккен екінші адам да қайтыс болды


Ақтөбедегі жанар-жағармай базасындағы көлік жарылысынан зардап шеккен екінші адам да қайтыс болды. Жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан 53 жастағы әйел қыркүйектің 17-сі күні таңертең қайтыс болған. Бұл туралы Азаттыққа аурухананың бас дәрігері Серік Қапанов хабарлады.

- Жанар-жағармай базасындағы көлік жарылысынан зардап шеккен екі адамның бірі 15 қыркүйек күні қайтыс болған еді. Екінші науқас та оңала алмады. Өйткені екеуінің де терісі ғана емес, тыныс алу жолдары да қатты күйген – дейді Серік Қапанов.

Қыркүйектің 10-ы күні Ақтөбедегі жанар-жағар май базасында май таситын көлік жарылып, үш адам зардап шеккен. Жарылған көлік жүргізушісінің екі қолы күйген. Дәрігерлер оның да жедел жәрдем ауруханасында емделгенін айтады. Ал жансақтау бөліміне түскен 53 жастағы әйел мен 30 жастағы жігіт жанар-жағар май базасында оператор болып жұмыс істеген.

Май таситын көліктің жарылуына не себеп болғанын арнайы комиссия тексеріп жатыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG