Accessibility links

Хейли: Ресей Солтүстік Кореяға қарсы санкция режимін бұзды


АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли. 14 сәуір 2018 жыл.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Никки Хейли. 14 сәуір 2018 жыл.

Ресей Пхеньянның ядролық бағдарламасы үшін Солтүстік Кореяға қарсы салынған халықаралық санкцияны "өрескел бұзды". Бұл туралы қыркүйектің 17-сі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында АҚШ-тың ұйымдағы тұрақты өкілі Никки Хейли мәлімдеді.

Хейлидің сөзінше, Ресей санкция режимін бұзып, Пхеньянға тыйым салынған мұнай өнімдерін Солтүстік Кореяға жеткізуге септесіп жатыр.

Қауіпсіздік кеңесінде Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы талқыланды. БҰҰ өкілдерінің мәлімдеуінше, Пхеньянның ядролық сынақтардан бас тартқаны айтылғанымен, оның әлі жұмыс істеп жатқанына дәлел бар.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG