Accessibility links

Қазақстанның қаржы министрі тағайындалды


Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов

Қазақстан президентінің жарлығымен Әлихан Смайылов елдің қаржы министрі болып тағайындалды. Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлыққа қол қойғаны туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

18 қыркүйекте Қазақстан мәжілісінің депутаттары Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Қаржы министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдаған. Смайловты бұл қызметке премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ұсынған.

Смайылов 2015 жылдан бері президент көмекшісі болған. Бұрындары Президент әкімшілігінде жұмыс істеген. Елдің статистика агенттігін басқарған. Сыртқы істер министрі мен қаржы министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Астана әкімі қызметіне тағайындалған. Ал Астана әкімі болған Әсет Исекешев қазір президент әкімшілігін басқарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG