Accessibility links

Жәкішевке анасын жерлеуге келуіне рұқсат бермеді


Мұхтар Жәкішев. 2009 жыл.
Мұхтар Жәкішев. 2009 жыл.

Түрмеде отырған «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевке анасының жерлеу рәсіміне келуіне рұқсат бермеді.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасеновтің хабарлауынша, Семей түрмесінің басшылығы Жәкішевке анасының қайтыс болғаны жайлы хабарды жеткізген. Колония бастығы көңіл айтқан. Мұхтар Жәкішев қыркүйектің 19-ы күні болатын анасының жерлеу рәсіміне баруға рұқсат сұрап, үшін өтініш жазған. Бірақ өтініші қанағаттандырылмаған. Оның себебін Қылмыстық-атқару кодексінің "Мекеменің шегінен тыс жерге шығу" туралы 113-бабының 5-тармағымен түсіндіреді. Онда "қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстармен сотталғандарға сыртқа шығуға рұқсат етілмейді" деп көрсетілген.

80 жасқа келіп қалған Раиса Нұрғалиқызы Алматыда қыркүйектің 18-і күні таңертең қайтыс болды. Соңғы жалдары қатты ауырған ол президент Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, ұлының ауыр науқасқа шалдыққанын айтып, ұлына рақымшылық жасауды, тірі кезінде босатуды сұрап қайырылған.

55 жастағы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда ұсталған соң сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, 14 жылға сотталған. Қазір жазасын Семей қаласындағы қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр. Жәкішев саясатпен айналыспағанымен, 2013 жылы қазақстандық бірқатар құқық қорғау ұйымдары оны саяси тұтқын деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG