Accessibility links

Иракта терроризм айыбымен бірнеше тәжік әйел сотталды


Бағдад сотында жүрген тәжік әйелдері. 27 сәуір 2018 жыл (Көрнекі сурет).
Бағдад сотында жүрген тәжік әйелдері. 27 сәуір 2018 жыл (Көрнекі сурет).

Бағдадта тәжікстандық тоғыз әйел терроризм айыбымен әрқайсысы 20 жылға сотталды.

19 қыркүйекте шыққан сот үкімі бойынша, Тәжікстан азаматтары "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының мүшесі болды, ондағы содырлармен бірге тұрды деп айыпталған.

Тәжікстан үкіметіндегі дереккөздің Азаттықтың Тәжік қызметіне хабарлауынша, сотталған әйелдердің барлығының жас балалары бар. Балалардың бәрі Бағдадтағы интернатқа өткізілген. "Екіжақты келісімге сәйкес, Тәжікстан билігі балалардың отанына оралуын талап ете алады" деді ол.

Бағдад қалалық соты шешімінің көшірмесінде сотталған әйелдердің аты-жөндері аталған. Олар: Лутфия Иззатулло Абдулло, Таманно Каримова Холахмад, Сафаргул Набиева, Мадина Ашраф Курбон, Хадича Файзиддинзода, Ирода Раззок Холик Содик, Оиша Шербекова, Зухро Зохир Мухаммад, Зебо Джонаки Саидова.

Тәжікстан билігі бұл ақпаратты растап, аталған әйелдерге елде де қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG