Accessibility links

Мэй: Британия Еуроодақтан келісімсіз де шыға алады


Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламентте сөйлеп тұр. Лондон, қыркүйек, 2018 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламентте сөйлеп тұр. Лондон, қыркүйек, 2018 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй елдің Еуропа Одағы құрамынан шығуы (brexit) жайлы келіссөздерде екі үлкен проблема барын мойындады. Біріншісі – Ұлыбритания Еуропа Одағынан шыққаннан кейінгі ек тарап арасындағы экономикалық қарым-қатынас, екіншісі – Солтүстік Ирландия мен Ирландия республикасы арасындағы шекара мәселесі.

Мэй бұл туралы Австрияның Зальцбург қаласында бас қосқан Еуропа Одағы лидерлері британ үкіметінің бұл екі мәселеге қатысты ұсынысын қабылдаудан бас тартқаннан күннің ертесінде, қыркүйектің 21-інде телеарнадан мәлімдеген. Ол өз кезегінде Лондонның Еуропа Одағының ұсынысымен келіспейтіндігін айтқан.

Мэйдің сөзінше, үкімет Еуропа Одағымен келісімге келуге тырысып көреді, бірақ, егер келісімге қол жеткізе алмаса, онда Ұлыбритания Еуропа Одағы құрамынан онымен келісім бекітпей де шыға береді. «Нашар келісімнен гөрі келісім болмағаны жақсы», - деген ол.


Тереза Мэй Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығуы туралы референдум қорытындысын қайта қарау – демократияға жасалған соққы болатындықтан ондайға қарсы екенін айтты.

Бұған дейін Ұлыбритания Еуропа Одағы құрамынан 2019 жылғы наурыздың 29-ына дейін шығады деп хабарланған. Бірақ оған дейін Лондон мен Брюссель brexit шарттары туралы өзара келісімге келе ала ма, егер ондай келісім бекітілмесе не болады – ол жағы әзірше белгісіз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG