Accessibility links

ИМ тобы Ирандағы терактіге жауапкершілікті алған


Әскери парад кезінде жасалған шабуылда жараланған адамды жедел жәрдем көлігіне апара жатыр. Ахваз, Иран, 22 қыркүйек 2018 жыл.
Әскери парад кезінде жасалған шабуылда жараланған адамды жедел жәрдем көлігіне апара жатыр. Ахваз, Иран, 22 қыркүйек 2018 жыл.

Соңғы мәліметтер бойынша, Иранның Ахваз қаласында бүгін болған атыс салдарынан қаза тапқандар саны 24 адамға жеткен, 60-тан аса адам жараланған. Қазаға ұшырағандардың арасында әскери қызметкерлермен бірге әйелдер мен балалар бар. Шабуылға күдікті төрт адам өлтірілген деп хабарлады Иран мемлекеттік баспасөз құралдары.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы Иранда бүгін әскери парад кезінде жасалған шабуылға жауапкершілікті алатынын мәлімдеген деп хабарлайды Reuters. Агенттік экстремистік топ өкілдерінің қарулы шабуылға қатысы барына еш дәлел-айғақ келтірмегенін айтады.


Ирандағы террорлық шабуылға жауапкершілікті алатыны туралы өздерін "Арабтардың Ахваз бостандығы үшін күресі қозғалысы" деп атайтын радикалдық топ та мәлімдеген.

Бүгін Иранның бірнеше қаласында 1980-1988 жылдары Иракпен арада болған соғыстың аяқталғанына отыз жыл толуына арналған әскери парадтар өткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG