Accessibility links

"Фонтанка" тағы бірнеше "әскери барлаушыны" тапқанын жазды


Ұлыбритания билігі әкелі-балалы Скрипальдарға жасалған қастандыққа күдікті санайтын ресейлік "Александр Петров" (сол жақта) пен "Руслан Бошировтың" фотосуреттері.
Ұлыбритания билігі әкелі-балалы Скрипальдарға жасалған қастандыққа күдікті санайтын ресейлік "Александр Петров" (сол жақта) пен "Руслан Бошировтың" фотосуреттері.

"Фонтанка" сайты шетелдік паспорттарында Ұлыбритания билігі Сергей Скирпаль мен қызы Юлияға жасалған қастандыққа күдікті санайтын "Александр Петров" пен "Руслан Бошировтың" құжаттарындағыға ұқсас нөмірі бар тағы бірнеше ресейлікті анықтағаны туралы жазған.

Журналистердің мәліметі бойынша, Крымский, Андреев, Потемкин және Поляков деген ер адамдарға берілген паспорттардағы нөмірдің тек бірнеше саны ғана өзгеше. Бұған қоса, олардың барлығы Хорошевское шоссе, 76 Б мекен-жайында тұратынын көрсеткен. Мәскеуде ол мекен-жайда Ресей Қорғаныс министрлігі Бас штабы Бас басқармасының (бұрынғы ГРУ) штаб-пәтері орналасқан.


Бұған дейін "Петров" пен "Бошировқа" қатысты деректерді бірлесе зерттеген Insider басылымы мен Bellingcat тобы ықтимал ресейлік барлау агенттерін шетелдік паспорттарда көрсетілген нөмірлері арқылы болжап білуге болатынын айтқан. Insider басылымының жазуынша, олардың шетелдік құжаттарындағы нөмірлердің тек бір саны ғана өзгеше болып келеді. Сонымен бірге, олардың құжаттарының нөмірлері 2016 жылдың қазан айында Черногория билігі төңкеріс ұйымдастырмақ болған (бірақ онысы іске аспаған) деп айыптаған, ресейлік әскери барлау қызметкері деген күдікке іліккен "Эдуард Широковтың" (Шишмаков) төлқұжатының нөміріне өте ұқсас.

"ГРУ қызметкерлері ерекше сериясы бар төлқұжаттарға ие тәрізді, егер расымен солай болса, онда паспорт базасына кірген кез-келген адам Бас штаб Бас басқармасының барлық қызметкерін анықтай алады", - деп жазған Insider.

Ұлыбритания "Петров" пен "Бошировты" Ресей әскери барлауының қызметкерлері және олар Солсбери қаласында "Новичок" атты аса улы қару қолданған деп санайды. Мәскеу бұл айыпты терістеді. Ал "Петров" пен "Боширов" ресейлік үкімет қаржыландыратын RT телеарнасы көрсеткен сұхбатта Солсбериге туристік мақсатпен барғандарын, адам өміріне қастандық жасауға еш қатысы жоғын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG