Accessibility links

Иран: терактіге тез әрі батыл жауап береміз


Әскери парад кезінде шабуыл жасалған жер. Ахваз, Иран, 22 қыркүйек 2018 жыл.
Әскери парад кезінде шабуыл жасалған жер. Ахваз, Иран, 22 қыркүйек 2018 жыл.

Иранның жоғары билеушісі аятолла Әли Хаменеи сенбі күні Ахваз қаласында болған қарулы шабуылды «АҚШ-тың аймақтағы қуыршақ мемлекеттері» жоспарлады деп мәлімдеген. Ол Иран арнайы қызметіне шабуылға кінәлілерді дереу жауапқа тарту туралы бұйрық берген.

Иран сыртқы істер министрі Мохаммад-Джавад Зариф Ахваздағы шабуылды «терроризмнің аймақтағы демеушілері» мен «олардың америкалы қожайындары» ұйымдастырған деп мәлімдеді. Зариф Иран бұл шабуылға «тез әрі батыл жауап береді» деп уәде етті.

Иран шенеуіктері әдетте «терроризмнің аймақтағы демеушілері» деп Сауд Арабиясы мен Израильді меңзейді.


Қыркүйектің 22-і күні Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласында әскери парад кезінде жасалған қарулы шабуылдан, ресми мәлімет бойынша, 25 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланған. Шабуылға күдікті екі адамды қауіпсіздік күштері атып өлтірген, тағы екеуін ұстаған.

Кейін "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мен өздерін "Арабтардың Ахваз бостандығы үшін күресі қозғалысы" деп атайтын радикалдық топ Ахваздағы шабуылға жауапкершілікті алатындарын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG