Accessibility links

Роухани: Ирандағы терактіге Парсы шығанағындағы ел жауапты


Әскерилер парад кезінде белгісіз қарулы адамдар жасаған шабуылда жасырынып тұр. Ахваз, Иран, 22 қыркүйек 2018 жыл.
Әскерилер парад кезінде белгісіз қарулы адамдар жасаған шабуылда жасырынып тұр. Ахваз, Иран, 22 қыркүйек 2018 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани 22 қыркүйекте Ахваз қаласындағы әскери парад кезінде болған террорлық шабуылға араб сепаратистерін кінәлап, Парсы шығанағындағы атын атамаған мемлекетті оларды қолдайды деп айыптады.

Роуханидің бұл мәлімдемесіне дейін Иранның ықпалды күш құрылымы - Ислам революциясын қорғау корпусы 25 адам, оның ішінде сақшылар корпусының 12 әскери қызметкері қаза тапқан шабуылға "тез әрі батыл жауап беретінін" мәлімдеген.

22 қыркүйек күні кешкісін Иран сыртқы істер министрлігі Тегерандағы Дания, Нидерланд пен Ұлыбританияның дипломатиялық миссия басшыларын шақыртқан. Иран билігі бұл елдерді шабуылға күдікті Тегерандағы үкіметке қарсы радикалдық топтардың өкілдеріне өз жерінде еркіндік беріп қойған деп айыптайды.

Шабуылдан соң екі террорлық топ – "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен өздерін "Арабтардың Ахваз ұлттық қарсыласуы" деп атайтын қозғалысы терактіні мойнына алатындарын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG