Accessibility links

Ыстықкөлде терроризмге қарсы халықаралық жаттығу өтеді


Қырғызстандық сарбаз (Көрнекі сурет).
Қырғызстандық сарбаз (Көрнекі сурет).

Ыстықкөлде ТМД елдерінің арнайы қызмет сарбаздары, қарулы күштер мен терроризммен күрес орталықтары "Ыстықкөл-Антитеррор-2018" жаттығуын өткізеді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясына Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов хабарлады.

Оның сөзінше, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның күш құрылымдарының өкілдері содырлармен күрестің түрлі әдіс-тәсілдерін пысықтайды.

Жаттығу ресми түрде 25 қыркүйекте басталып, екі күн болады.

Жаттығудың алғашқы кезеңі әр мемлекеттің өзінде болған. Қырғызстанда қорытынды кезеңі өтпек.

Бұған дейін ТАСС агенттігі ресейлік әскерилер ТМД елдерінің "Ыстықкөл-Антитеррор-2018" жаттығуына бірінші рет "Искандер-М" жедел тактикалық зымыран кешенін жеткізгенін хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG