Accessibility links

Алматыда әріптесі атқан полицей қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда әріптесі атқан оқтан жараланған полиция қызметкері қайтыс болды. Бұл туралы Астанада журналистерге сенат отырысына келген ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады.

Алматыда 26 қыркүйекте жергілікті полиция қызметінің инспекторы әріптесіне оқ атып, жаралағаны хабарланған еді. Оқ тиген полицей ауруханаға түскен.

"Кінәлі адам кешке ауысымға келген. Ол қаруын алып, көлік алуға гаражға барғанында ол жерге туысы келген. Олардың арасында проблема болған. Ол (туысы - ред.) кезекшілігін тапсырмақ болған. Содан арасында кикілжің туындап, ол (күдікті - ред.) қару қолданған. Кеше сағат 21-де жәбірленуші қайтыс болды" деді Қасымов.

Министрдің айтуынша, бұл факт бойынша "кісі өлімі" бабымен қылмыстық іс қозғалды, жеке қауіпсіздік департаменті тергеу жүргізіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG