Accessibility links

Ақышев: Үш банкті лицензиясынан айырудан қауіп жоқ


Қазақстан Ұлттық банкінің бас кеңсесі, Алматы.
Қазақстан Ұлттық банкінің бас кеңсесі, Алматы.

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев үш коммерциялық банкті лицензиясынан айырудың басқа банктерге кері әсері тимейтінін мәлімдеді.

Алматыда өткен жиында Ақышев "Qazaq Bank-і, Эксимбанк және Астана банкі активтерінің банк саласындағы үлесі 0.9, 0.3 және 1 пайызды ғана құрайды. Бұл банктерді лицензиясынан айыру басқа қаржы ұйымдарына қауіп төндірмейді" деді.

Биыл сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл үш банкті "нашар көрсеткіштері" үшін сынаған еді. Осыдан кейін мамырда Ұлттық банк Эксимбанк лицензиясын 29 тамызға дейін тоқтатқан. Qazaq Banki-нің депозит қабылдау және жеке тұлғаларға есепшот ашу лицензиясы 28 сәуірде тоқтатылған.

Оқи отырыңыз: Назарбаев: Бізге банктің көп болғаны қажет емес

Қазақстан Ұлттық банкі 28 тамыз күні Qazaq Bankі мен Эксимбанкті бағалы қағаздар нарығында банк және басқа да операцияларды жүргізу лицензиясынан айырған. Ал қыркүйектің 19-ында Астана банкі лицензиясынан айрылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG