Accessibility links

АҚШ Украинаға жағалау күзетінің екі катерін береді


Азов теңізіндегі Украина әскери-теңіз күштерінің кемелері (Көрнекі сурет).
Азов теңізіндегі Украина әскери-теңіз күштерінің кемелері (Көрнекі сурет).

АҚШ Украинаға жағалау күзетінің Drummond және Cushing деп аталатын екі катерін береді. Катерлерді тапсыру салтанаты 27 қыркүйекте Балтимор қаласында өтеді. Оған Украина президенті Петр Порошенко мен АҚШ Жағалау күзетінің вице-адмиралы Майкл Макалистер қатысады деп жоспарланған.

Катерлер 30 жыл бұрын жасалған және олар теңізде қиын жағдайда, оның ішінде қатты дауылда да әскери тапсырмаларды орындай алады.

АҚШ Украинаға кемелерді Азов теңізіндегі жағдай күрделене бастағанда берейін деп отыр. Киев Ресей украин порттарына бет алған шетелдік кемелерді заңсыз ұстап жатыр деп біледі.

Украина 2018 жылдың соңына дейін Азов теңізінде әскери база салмақ. Бұл жаққа қазірге дейін бірнеше әскери кемеле апарылды. Киев сонымен қатар аймаққа шекара қызметінің арнайы бөлімін аттандырды.

АҚШ бұған дейін Ресейді Азов теңізінде кемелерді ұстауын тоқтатуға шақырған. Мәскеу бұған жауабында Украинаны "теңізде қарақшылық жасады" деп айыптады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG