Accessibility links

Қару-жарақ қоймасындағы жарылыс

Украинада 88 мың тонна қару-жарақ тұрған қоймада жарылыс болды. Әскерилердің сөзінше, жарылыс 9 қазанда жергілікті уақыт бойынша түнгі 3:30-да басталған. Бір сағаттан соң радиусы 30 шақырым болатын аумақтың әуе кеңістігі жабылған. Темір жол, көлік қозғалысы тоқтаған.

Билік қойма маңында орналасқан 30 елді мекеннен шамамен 19 мың азаматты эвакуациялау қажеттігін айтты. Жарылыс салдарынан пайда болған ыстың кесірінен 63 адамға медициналық көмек көрсетілген. Азаттықтың Украин қызметінің фотогалереясы.


XS
SM
MD
LG