Accessibility links

Ресей банктері елге еуроны көптеп кіргізе бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей банктері жаңа санкциядан қауіптеніп елге доллар кіргізуді азайтып, көп көлемде еуро әкеліп жатыр. Ресей Орталық банкінің статистикасы бойынша, шілдеде Ресей банктері арқылы 2014 жылдан бері болмаған сома - қолма-қол ақшамен 2 миллиард еуро кіргізілген. Осы уақытта банктердің Ресейге кіргізген доллар көлемі екі есеге азайып, 900 миллион долларды құраған.

Еуропа Орталық банкі Ресейде еуроны көптеп сатып алу тенденциясы барын растады. Ресей үкіметі жазда сыртқы саудада доллармен есеп айырысудан біртіндеп бас тартатынын жариялаған. Тауар экспорттаушылар Ресей билігінің бұл шешімін АҚШ-тың Ресей банктерінің елде жұмыс істеуіне іс жүзінде тыйым салуға дайындалуымен байланыстырады. АҚШ санкция салған жағдайда Ресей еуроны қолдануы ықтимал.

Бұған дейін ВТБ банкінің басшысы Андрей Костин Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Ресей экономикасында АҚШ долларының рөлін төмендетіп, халықаралық есеп айырысуда рубльді қолдану аясын кеңейтетін ұсыныстар жасаған. Ол президенттен үкімет пен Орталық банкке осы ұсынысты қолдауын тапсыруды сұраған.

"Сургутнефтегаз" компаниясы ендігі контрагенттерге қажет болған жағдайда доллардың орнына еуромен есеп айырысуды ұсынды.

Қыркүйекте Андрей Костин Bloomberg агенттігіне жаңа санкцияларға байланысты банктер доллармен депозит ашқандарға ақшаларын басқа валютамен беруі мүмкін екенін мәлімдеген. Кейін Орталық банк басшысы Эльвира Набиуллина мен Сбербанк басшысы Герман Греф бұл ұсыныстарды қабылдамай тастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG