Accessibility links

Министр: Жалдамалы жұмыс істейтін халық саны көбейді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда экономиканың төрт секторы - ауыл шаруашылығы, сауда, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және көлік саудасы көлеңкелі экономиканың 85 пайызын құрайды. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жұмыспен қамту саласының проблемалары мен даму келешегі тақырыбында жасаған баяндамасында айтты.

Оның сөзінше, бейресми жұмыспен қамтылған халықтың 1 миллионы (немесе 73 пайыз) осы салаларда жұмыс істейді.

Министрдің мәліметінше, 2006 жылдан бері жалдамалы жұмыс істейтіндер саны 1,8 миллион адамға көбейген. Осы уақытта жұмыссыздар саны 184 мың адамға азайып, 441 мың адамға түскен, ал өзін-өзі асырайтындар саны 563 мың адамға азайып, 2,1 миллионды құраған. Елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 1,6 есеге азайып, 4,9 пайызды, ал жастар арасындағы 3,1 есеге азайып, 3,9 пайызды құраған.

Оқи отырыңыз: Тіркелмегендер "жұмыссыздар" санатына жатпайды

Әбілқасымова тамыз айында Қазақстанда мемлекеттік мәліметтер базасында өз-өзін асыраушы ретінде тіркелмеген 2,7 миллион адам анықталғанын, олардың 55 пайызы (бір миллионнан астам адам) Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары және Алматы қаласында тұратынын айтқан.

2017 жылы қыркүйекте парламент жиынында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі жұмыспен қамтуды салықтан жалтару деп атап, үкіметке мұндай санаттағы адамдарды "көлеңкеден шығаруға" тапсырған. Биыл жыл басында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2017 жылы "азаматтардың статусын нақтылау және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тіркеу" жұмысы аясында 5,7 миллион адам анықталып, бір жылға жетпейтін уақытта үш миллионға тарта адамның статусы нақтыланғанын хабарлаған.

Статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда халық саны 18 миллионнан адамнан асады.

Видео: Тұрақты жұмыс табудың михнаты (23.07.2018)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG