Accessibility links

Сингапур билігі тұрғындарға бір реттік төлем береді


Синапурдің орталығы. Көрнекі сурет
Синапурдің орталығы. Көрнекі сурет

Сингапур үкіметі кәмелет жасынан толған барлық тұрғынына "елдің дамуына қосқан үлесі үшін" ақша бермек. Бұл үшін бюджеттен 511 миллион Сингапур доллары бөлінген. Сыртқы істер министрлігі таратқан ақпаратта тұрғындарға берілетін төлем осы жылдың жоспарында бар және оның көлемі әр азаматтың табысына байланысты есептелген.

Егер былтыр бір адам бір жылда 28 мың Сингапур доллары (20.4 мың $) шамасында табыс тапса, оған бір реттік 300 Сингапур доллары (219$) көлемінде ақша беріледі. Ал табысы 100 мың Сингапур долларына (73 мың $) сәл жетпегендер 200 Сингапур доллары (146.1$) алады. Жылдық табысы 100 мың Сингапур долларынан асатындарға бір рет 100 Сингапур доллары (73$) беріледі.

Сингапурде кәмелет жасынан асқан 2,8 миллион тұрғын бар. Қаржы министрлігі 2017 жылы ел экономикасындағы өсім жоспарлы межеден 3,6% пайыз артық болғанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG