Accessibility links

Америка прокуратурасы Саиповты өлім жазасына кесуді сұрады


Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповтың суреті
Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповтың суреті

Америкалық прокурорлар Нью-Йоркте террорлық шабуыл жасады деп айыпталған 30 жастағы Өзбекстан азаматы Сайфулло Саиповты өлім жазасына кесуді сұрады деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.

Айыптау тарабы егер Саиповтың кінәсі дәлелденсе, бұндай үкім әділ болады деп санайды.

2017 жылы қазан айында Сайфулло Саипов велосипед жүретін жолда бір топ адамды жалға алған жүк көлігімен қағып өткен. Сегіз адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті. Полиция бұл оқиғаны теракт деп атады.

Саиповті ұстаған кезде, одан "Шабуылды "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымының атынан жасадым" деген хат табылған. Бұл ұйым террорлық әрекетті біз жасадық деп мойындарына алған.

АҚШ президенті Дональд Трамп Сайфулло Саиповты өлім жазасына кесуді талап еткен.

Саипов АҚШ-қа 2010 жылы грин-картасын ұтып алып барған. Бұл елде оның үш баласы мен әйелі тұрып жатыр.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG