Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Иран әскери-әуе күштері Ахваз қаласында әскери парад кезінде шабуыл жасады деп күдіктенетін Сириядағы содырларды баллистикалық зымыранмен атқылағанын хабарлады.
"Фарс" агенттігінің 1 қазан күні хабарлауынша, Сирияның шығысындағы Албу Камал лагерін Иран зымыранмен атқылап, бірнеше содырдың көзі жойылды.
Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласында 22 қыркүйек күні әскери парад кезінде шабуыл жасалып, 25 адам қаза тапқан, 60-қа жуық адам жараланған. Терактіден оң іле-шала екі экстремистік ұйым – "Ислам мемлекеті" тобы мен өздерін "Арабтардың Ахваз бостандығы үшін күресі қозғалысы" деп атайтын радикалдық топ шабуылды мойнына алатынын мәлімдеген.
Иранның Ислам революциясын қорғау корпусының ресми вебсайтында 1 қазан күні "Ахваздағы террорлық қылмысқа жауаптылардың штаб-пәтеріне" соққы берілгені хабарланды. Зымыранды Ислам революциясын қорғау корпусының әскери-әуе күштері атқан.
ПІКІРЛЕР