Сириялық көтерілісшілер Идлиб провинциясына жақын қарусыз аймақтан кеткенін жоққа шығарды. Бұл туралы DPA агенттігі көтерілісшілер өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады. "Біз "Файлак аш-Шам" тобының Алеппо провинциясының оңтүстігі мен батысындағы шептерінен кеткенін терістейміз" деп мәлімдеді түркияшыл "Файлак аш-Шам" тобына кіретін "Ұлттық азат ету майданы" командирлерінің бірі.
Көтерілісшілер лагеріндегі басқа дереккөздері де өздерінің шегінгенін терістеді. 30 қыркүйек күні таңертең Syrian Observatory for Human Rights ұйымы Идлиб маңынан танктер мен ірі калибрлі қару-жарақтардың шығарылып жатқанын хабарлаған еді.
Көтерілісшілер Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің таяуда Сочидегі кездесуде қол жеткізген келісіміне сай Идлибтен шығарылуы тиіс болған. Келісімге сай, қарусыз аймақтан 15-20 километр ендікте президент Башар Асадқа қарсы қарулы отрядтар мен барлық ауыр қару-жарақты шығаруға шешім қабылданған.
ПІКІРЛЕР