Accessibility links

Донбасс: Горловкада үш бала минаға түсіп мерт болды


Донбасстағы миналанған аймақ туралы ескерту белгісі (Көрнекі сурет).
Донбасстағы миналанған аймақ туралы ескерту белгісі (Көрнекі сурет).

Украинаның Донецк облысы Горловка қаласында мина жарылып, үш бала қаза тапты, тағы бір бала жараланды. Қаланы қазір ресейшіл сепаратистер бақылайды.

Қала билігінің мәліметінше, құрбан болған балалардың жасы 13-15 аралығында, зардап шеккен баланың жасы 10-да. Балалар иесіз қалған үйден минаны кездейсоқ тауып алған.

Украина Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, Донбасста төрт жылда мина жарылысы мен снарядтан 500-ге тарта адам құрбан болған. Олардың арасында 21 бала бар.

Донбасста Украина үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасындағы қақтығыс 2014 жылы көктемде басталған. Украина мен Батыс елдері Ресейді сепаратистерді қолдады деп айыптайды. Кремль Донбасста ресейлік "еріктілер" ғана барын айтып, айыптауды жоққа шығарады.

БҰҰ-ның мәліметінше, Украина шығысында қақтығыстан он мыңнан астам адам қаза тапты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG