Accessibility links

Наразы үлескерлерді Астана әкімі қабылдады


Үлескерлер жаңа әкімге шағымданды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:40 0:00

Видое. Үлескерлер жаңа әкімге шағымданды. 10 қазан 2018 жыл.

"Азбука жилья" құрылыс компаниясының және басқа да құрылыс компанияларының ондаған үлескерін 10 қазан күні кешкісін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қабылдап, мәселелерін тыңдады. Бұл туралы Азаттық тілшісіне үлескерлердің бірі Гүлнар Қасымова айтты.

Әкім үлескерлерге мәселелерін қарайтынын, жағдайды тексеретінін айтты.

Үлескерлер 10 қазан түс ауа Астана әкімдігіне барып, наразылық танытқан.

Астанада "Азбука Жилья" компаниялар тобының бірнеше нысанына қаржы салған төрт мыңға тарта үлескер пәтерлерін белгіленген мерзімде ала алмаған. "Азбука Жилья" компаниялар тобының шетелде тұратын басшысы Ерқанат Тайжановқа үлескерлердің 40 миллиард теңгеден астам қаржысын заңсыз иеленген деген айып тағылған, оны қамауға алу туралы сырттай санкция берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG