Accessibility links

Ресейлік оппозиционер Навальный қамаудан шықты


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қазанның 14-і күні таңертең әкімшілік жауапқа тартылғандар жазасын өтейтін арнайы орыннан бостандыққа шықты деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Навальныйды Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсы акцияға байланысты қыркүйектің 24-і күні 20 тәулікке қамаған. Оппозиционерді қаңтар айындағы сайлаушылар ереуіліне қатысты сот кескен 30 күндік әкімшілік жазасын өтеп шыққан соң бірнеше минуттен кейін қайтадан ұстаған.

"Меніңше, осында отырған 50 күннің ішінде, біз бұл режимнің түпкілікті іріп-шіруінің көптеген дәлелдеріне – сыртқы барлаудан бастап ғарыш саласына дейінгі сәтсіздіктеріне көз жеткіздік. Егер бәзбіреулер тұтқындаумен бізді қорқытуға немесе тоқтатуға болады деп ойласа, қателеседі", - деген бостандыққа шыққан Навальный.

Ол шеру өткізу тәртібін бірнеше рет бұзғанын сылтау етіп билік өзіне қарсы қылмыстық іс қозғауы мүмкін екенін жоққа шығармайды.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG