Accessibility links

БАҚ Александр Мишкиннің жаңа суретін жариялады


Александр Мишкин.
Александр Мишкин.

Сергей Скрипальді улауға қатысты істегі күдіктілердің бірі Александр Мишкин Петербургтегі әскери-медициналық академияда оқып жүрген кезінде Нева даңғылындағы "Гарсон" кафесінде даяшы болған. Бұл туралы "Дождь" телеарнасына Мишкиннің бұрынғы әріптесі Николай Евдокимов хабарлады.

Евдокимовтың айтуынша, ол Мишкинді RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньянға сұхбат берген кезде танып қойған. Ресей әскери барлауының қызметкері делінетін Александр Мишкин ол кезде телеарнаға "Александр Петров" деп таныстырған.

Сұхбатты көріп шыққан соң Евдокимов "Гарсонда" бірге істеген әріптестеріне "Петровтың" Мишкинге ұқсайтынын айтқан.

Қазір "Гарсонның" орнындағы кафе басшылығы "Дождь" телеарнасымен сұхбатта Мишкинді еске түсіріп, онымен таныс болғанын айтты. Телеарна Мишкиннің 2000 жылы түсірілген суретін жариялады.

Санкт-Петербургте ол әскери-медициналық академияда оқыған. Зерттеушілер Мишкиннің Ресей батыры атағын алғанын анықтаған.

Қыркүйектің басында Ұлыбритания билігі биылғы наурыздың 4-і күні Солсбери қаласында Сергей Скрипаль мен қызы Юлияға қарсы жүйкені жансыздандыратын аса улы зат қолдануға күдікті саналатын екі ер адамның бейнебақылау камерасы түсірген фотосуретін жариялаған. Полиция мәлімдемесінде ол екі адамның Ұлыбритания аумағына "Руслан Боширов" және "Александр Петров" деген ресейлік азаматтарға берілген паспортпен келгені айтылған.

Оқи отырыңыз: The Insider мен The Bellingcat: "Руслан Боширов" – ГРУ полковнигі Анатолий Чепига"

Ал "Петров" пен "Боширов" RT телеканалына өздерінің "қарапайым кәсіпкерлер" екенін, Солсбериге "турист ретінде барғанын" мәлімдеген.

Мәскеу Сергей мен Юлия Скрипальдерге жасалған қастандыққа қатысы барын жоққа шығарады. Ресей президенті Владимир Путин "Петров" пен "Бошировты" "қарапайым адамдар" деп атап, олардың ісінде "ешқандай қылмыс жоқ" деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG