Accessibility links

Украина шекарадан заңсыз өткендерді қылмыстық жауапқа тартады


Украина-Ресей шекарасында тұрған украин шекарашысы (Көрнекі сурет)

Украина Жоғарғы Радасы "басқыншы мемлекет" азаматтарын мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық жауапқа тартуды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Киев негізінен Ресейді "басқыншы мемлекет" деп санайды. Заңның күші Ресей аннексиялап алған Қырымға да жүреді. Украина билігі Қырымды "уақытша басып алған аумақ" деп таныған.

Заң жобасында шекараны Украина шекара бекеттері орнатылмаған жерлерден "елдің мүддесіне зиян келтіру мақсатымен" кесіп өткен азаматтарды бас бостандығынан айыру қарастырылған.

"Украинская правда" басылымының хабарлауынша, заң күші сонымен қатар "басқыншы мемлекеттің" мүддесіне жұмыс істейтін басқа кез-келген елдің азаматына қатысты да қолданылады. Заң бұзу фактілерін Украина қауіпсіздік қызметі тергейді.

Киев соңғы жылдары Қырымға рұқсатсыз барған жүздеген ресейліктің елге кіруіне тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG