Accessibility links

Алматының "Буревестнигі" СССР чемпионы болған кез


Алматының "Буревестнигі" СССР чемпионы болған кез
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00

Видеода Алматының "Буревестник" командасының волейболдан Латвия астанасы Ригада өткен СССР чемпионатының шешуші ойынынан үзінді көрсетілген. СССР чемпионы атанған команда мүшелерін Қазақстанда салтанатты түрде марапаттаған. Видеода "Буревестник" командасының ойыншылары Олег Антропов, Геннадий Гончаров, команда капитаны Жәнібек Сауранбаев мен команда жетекшісі Заңғар Жәркешов және оларды құттықтағандардың арасынан кинорежиссер Шәкен Айманов көрінеді. "Буревестник" командасы 1966 жылы СССР Жоғары лигасына өткен. 1967 жылы СССР чемпионатының қола, 1968 жылы күміс, 1969 жылы алтын медалін жеңіп алған. Осыдан соң екі жыл қатарынан Еуропа чемпиондар Кубогын иеленген. Команданың негізін белгілі волейболшы Октябрь Жарылғапов салған. Видео Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынған.

Видеода Алматының "Буревестник" командасының волейболдан Латвия астанасы Ригада өткен СССР чемпионатының шешуші ойынынан үзінді көрсетілген. СССР чемпионы атанған команда мүшелерін Қазақстанда салтанатты түрде марапаттаған. Видеода "Буревестник" командасының ойыншылары Олег Антропов, Геннадий Гончаров, команда капитаны Жәнібек Сауранбаев мен команда жетекшісі Заңғар Жәркешов және оларды құттықтағандардың арасынан кинорежиссер Шәкен Айманов көрінеді.
"Буревестник" командасы 1966 жылы СССР Жоғары лигасына өткен. 1967 жылы СССР чемпионатының қола, 1968 жылы күміс, 1969 жылы алтын медалін жеңіп алған. Осыдан соң екі жыл қатарынан Еуропа чемпиондар Кубогын иеленген. Команданың негізін белгілі волейболшы Октябрь Жарылғапов салған.
Видео Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG