Accessibility links

Македония парламенті елдің жаңа атауын қолдады


Македония парламенті.
Македония парламенті.

Македония парламенті ел атауын Солтүстік Македония деп өзгертуді мақұлдады. Жұма күні кешке парламент депутаттары Конституцияда республиканың жаңа атауын бекітетін заң өзгерісін қолдап дауыс берген.

Дауыс беруге қатысқан парламенттің 120 депутатының 80-і жаңа атауды қолдаса, 39 депутат қарсы болған.

Конституцияға өзгерту енгізу туралы заң жобасы мемлекеттің жаңа атауына қарсы болып келген ел президенті Гёрге Ивановқа қол қоюға жіберілді.


1991 жылы Югославия тарағаннан кейін Македония тәуелсіздік алған. Сол кезден бері Македония атауына байланысты Грекиямен арада дау 27 жыл бойы жалғасқан. Ресми Афина Македония – Грекияның солтүстігіндегі өлкенің бағзы заманнан бергі тарихи атауы деген уәжді алға тартқан. Атаудан шыққан дауға бола Грекия НАТО мен Еуропа Одағына мүше болуға ниетті Македониямен ол жөнінде келіссөздер өткізуге тосқауыл қойып келген.

Қыркүйектің соңында Македонияда ел атауын өзгерту және Еуропа Одағы мен НАТО-ға қосылу жөнінде референдум өткен. Референдумға қатысқандардың 91 пайыздан астамы мемлекеттің жаңа атауы мен халықаралық ұйымдарға қосылуын қолдап дауыс берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG