Accessibility links

Зерттеу: Ресейліктердің жартысынан көбі мемлекеттік БАҚ-қа сенеді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде Азаматтық бастамалар комитеті, "Медиастандарт" қоры мен "Циркон" зерттеу тобы бірлесіп ресейліктердің ақпаратты қайдан алатынына жүргізген зерттеу қорытындысын жариялады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, ресейліктердің көбі ақпаратты әлі телеарнадан алады. Телеарнаны сауалнамаға қатысқандардың 69 пайызы көретін болып шықты. Одан кейінгі орындағы интернеттен ресейліктердің 60 пайызы ақпарат алады. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі радио тыңдайды, 11 пайызы газет оқиды.

Ресейліктердің 63 пайызы мемлекеттік телеарналарды сенімді ақпарат көзі деп қабылдайды. Зерттеуге қатысқандардың 18 пайызы интернеттегі жаңалықтар сайттарына, 15 пайызы әлеуметтік желілерге, төрт пайызы Telegram-ға сенеді. Сауалнамаға қатысқандардың үш пайызы шетелдік телеарналарға, үш пайызы шетелдік радиоларға сенімді деп санайды.

Елдегі журналистер рөлін оң бағалаған азаматтар олардың көп жағдайда "өз басшыларының мүддесіне жұмыс істеп, қоғамдық санаға манипуляция жасайтынын және үгіт-насихатпен айналысатынын" айтқан. Сауалнамаға қатысқандардың 53 пайызы журналист кәсібін ықпалды деп атаған, тек үштен бірі оларды еркін деп санаған.

Ресейліктер Владимир Соловьевті ең ықпалды теле және радиожурналист деп көрсеткен. Одан кейінгі орындарда Андрей Малахов пен Владимир Познер тұр. Интернет журналистер арасында Юрий Дудь (YouTube-тағы "вДудь" каналы), жазба журналистер арасында Дмитрий Быков ("Новая газета") пен 2006 жылы қаза тапқан Анна Политковская ықпалды деп аталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG