Accessibility links

Ауғанстанда шабуылдан НАТО сарбазы қаза тапты


Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің сарбаздары.
Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің сарбаздары.

Ауғанстанның Герат уәлаятында 22 қазанда шабуылдан НАТО-ның Ауғанстандағы "Батыл қолдау" миссиясының бір сарбазы оққа ұшып, екеуі жараланды. Миссияның Кабулдағы штаб-пәтері таратқан мәлімдемеде "алдын ала мәлімет бойынша, шабуылды Ауғанстан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері жасағаны" айтылады. Чехия Қорғаныс министрлігі қаза тапқан сарбаздың чехиялық екенін мәлімдеді. Чехиялық әскерилердің мәліметінше, жаралы екі сарбаз Баграмдағы әскери госпитальге жеткізілген. Олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл шабуылды "Талибан" радикалдық қозғалысы мойнына алды. Ауған қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері өздерімен бірге жұмыс істейтін халықаралық коалиция сарбаздарына бұған дейін де оқ атқан.

18 қазанда Кандагар уәлаятында АҚШ пен НАТО күштерінің қолбасшысы Скот Миллер қатысып отырған қауіпсіздік қызметі басшыларының жиынында ауған қауіпсіздік күштерінің формасында киінген ер адам оқ атқан. Шабуылдан үш адам - оның ішінде Кандагар уәлаяты полициясының басшысы, ықпалды генерал Абдул Разак қаза тапқан. Скот Миллер зардап шекпеген. Шабуылдан АҚШ армиясының бригада генералы Джефри Смайли мен тағы 12 адам жараланған.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG