Accessibility links

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанға оралды


Алмазбек Атамбаев

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев еліне оралды. Бұл жайлы Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының ресми өкілі Құндыз Жолдыбаева хабарлады.

Оның айтуынша, Мәскеуде 24-27 қазан аралығында өткен азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясына қатысқаннан кейін партия делегациясы Бішкекке келген.

Алмазбек Атамбаевтың Ресейге кеткені 22 қазанда белгілі болған. Сол кезде партия өкілдері оның туған ағасының әйелін жерлеу рәсіміне кеткенін, сонымен бірге жоғарыда аталған конференцияға қатысатынын хабарлаған.

Алайда Атамбаевтың Ресейге сапары оның жақын әріптестерінің бірі болған бұрынғы үкімет басшысы Икрамжан Илмияновтың ұсталуымен тұспа-тұс келіп, қоғамда оның елден кетуіне байланысты түрлі болжамдар айтылған. Тіпті кейбірі оның Қырғызстанға енді келмейтіні туралы жорамал айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG