Accessibility links

Қазақстанда төрт орган интернетті бұғаттай алатын болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметі арнайы қаулы шығарып, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне интернетті бұғаттау құқығын берді.

Қаулыға сәйкес, аталған мемлекеттік органдар өкілетті органмен өзара әрекет ете отырып, "әлеуметтік, табиғи және техногендік тұрғыдан төтенше жағдай болғанда" үкімет мен президент байланысынан басқа интернет пен байланыс жүйесін тоқтатуға құзыретті болады.

Құжат өткен жексенбіде, 28 қазанда күшіне енді.

Қазақстанда жыл басынан бері Facebook, YouTube, Instagram және Telegram желілеріне кешкі уақытта кіру қиындайды. Маусым айында қазақстандық құқық қорғаушылар "әлеуметтік желіні бұғаттауды тоқтатуға" шақырған. Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның таратқан мәлімдемесінде азаматтар кез келген уақытта қажетті ақпаратты алуға құқығы бар деген.

Әлеуметтік желілер шетелде тұратын бұрынғы банкир, Астананың саясатын сынайтын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тікелей эфирге шыққан кезінде бұғатталады.

Бұған дейін Қазақстанның киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік мекемелер басшылары қазақстандық интернет қолданушылардың әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге ара-тұра кіре алмай қалатынына биліктің қатысы барын жоққа шығарған.

Министр Абаев әлеуметтік желінің ашылмау себебі туралы:

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG