Accessibility links

Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері "пара алу" күдігіне ілінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мәдениет және спорт министрлігінің екі қызметкері үстінен сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хатшысы Жанна Бастарова Астанада қарашаның біріне өткен брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы мен әкімшілік департаментінің директоры үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Олар мердігер ұйым жетекшісінен мемлекеттік сатып алу келісімін жасасқаны және қамқорлық көрсеткені үшін пара алды деген күдікке ілінді" деді Бастарова.

Осы аптаның басында жергілікті ақпарат агенттіктері сот Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті кепілге босатқанын хабарлаған. Сонымен қатар, министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың үйқамаққа алынғаны белгілі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG